BasNewsЖаңалықтар
Таразда төтенше жағдай режимін бұзған жүргізуші видеоға түсіп қалды

Таразда жол ережесі мен төтенше жағдай режимін бұзған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Polisia.kz- ке сілтеме жасап.
Желіде Lada жүргізушісінің жол ережесін ғана емес, елде жарияланған төтенше жағдай режимін бұзған видео тарап жатыр.
https://youtu.be/0Cc4lNCeycU
Портал мәліметінше, полицейлер Lada 21703 маркалы көліктің 23 жастағы жүргізушісін анықтап, жауапкершілікке тартты. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 601-бабы, 590-баптың 5-бөлігі және 590-баптың 9-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушілерді төтенше жағдай режимі кезінде қажеттілік болмаса қалада жүрмеуге шақырады.



