Жаңалықтар

Кинологиялық қызмет орталығында «бірге есірткісіз салауатты болашаққа» ұранымен балаларға арнап экскурсия өткізілді

Шымкент қаласының полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығында «Бірге есірткісіз салауатты болашаққа» ұранымен балаларға арнап экскурсия өткізілді.

Аталған шараға полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері, №3 Жоғарғы спорт мектебінің тәрбиеленушілері мен жаттықтырушылары, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты.

Онда балаларға қызметтік иттердің мүмкіндіктері көрсетілді. Олардың көмегімен заттарды іздеу, қылмыскерлерді ұстау, жаттығу негіздері, күшіктерді тамақтандыру және олармен ойнау барысы назарға ұсынылды. Сонымен қатар, кинологиялық орталықтың тұрмыс-тіршілігі, қызметі мен міндеттері таныстырылды.

Іс-шара соңында қатысушылар осындай мүмкіндікті берген Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының кинолог-мамандары өздерінің қызметтік иттерімен және жасөспірімдермен бірге кинология орталығы аумағынан бастап қаланың Қапал батыр көшесі бойымен жүгіріп өтті. Жүгіру сайыс түрінде өткізілді. Оның барысында кинолог-мамандар арнайы есірткіге қарсы логотипі бар киімдерде болып, есірткіге қарсы ұрандар айтылды. Сонымен қатар, қатысушыларға кинология қызметінің ерекшеліктері туралы ақпараттық-түсіндірмелік дәрістер оқылды. Қызметтік иттермен қарым-қатынас жасаудың дағдыларылары көрсетілді.

Із кесу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша полиция қызметкерлеріне көмектесіп, пайдасын тигізіп жүрген қызметтік иттердің әрқайсысы таныстырылды. Әр түрлі жаттығулар жасатылып, шеберлігі тексерілді. Жеті қазынаның біріне жататын иттердің осы күнге дейін көмегі тиген істері, қызықты оқиғалары жайында және есірткі денсаулыққа зияндылығы айтылып өтілді. Қазіргі таңда нашақорлық елімізде үлкен деңгейде белең алып отыр. Әсіресе, тұтынушылардың басым деңгейі жастарды құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button