ҚР еңбек заңнамасы аясында 730 азаматтың өтініші қаралды

Қазақстан Республикасының Еңбек Заңнамасы аясында 2023 жылдың 6 айында Шымкент қаласында 730 азаматтың өтініші қаралды.
Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде төмендегіні баяндады:
– Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарманың негізгі функцияларының бірі – жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау.
Есепті кезеңде басқарма тарапынан 730 азаматтың өтініші қаралды. Нәтижесінде 114 тексеру жүргізіліп, 167 бұзушылық анықталды (еңбек қатынастары бойынша – 145, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 22). Анықталған бұзушылықтардың 118-і жойылып, заңға сәйкестендірілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 65 нұсқама беріліп, 6,8 млн.теңгеге 31 айыппұл салынды, оның ішінде 4,6 млн.теңге көлеміндегі 25 айыппұл өндірілді.
Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі жұмысы бойынша: Жүйеге, индикаторлық 4 жоба (1. Ұжымдық шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындар үлесі, 2. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне электронды еңбек шарттарын енгізу, 3. Өндірістік жарақаттану, 4. Еңбек заңнамасының жойылған құқық бұзушылықтардың үлес салмақтары) енгізілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, көрсеткіштердің орындалуы бойынша мәліметтері, жүйеге тұрақты енгізіліп орындалуда.
Айтып өтейік, Шымкентте 1024 құқығы тапталған жұмыскердің жалақы қарыздары өтелді. Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы 2023 жылдың 6 айында құқығы тапталған жұмыскерлердің 454, 3 млн. теңге көлеміндегі жалақы қарыздарын өтеп берді. Осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларымен 1 024 жұмыскердің құқықтарын қорғап, 42 кәсіпорындағы 945 жұмыскердің 454,3 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтеп берді.Сонымен қатар қазіргі уақытта 2 кәсіпорынның 72 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек 8,5 млн.теңгені құрайды.



