BasNewsЖаңалықтар
Елімізде 50 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Нұр-Сұлтанда 3 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. Жүргізілген емдеуден кейін теріс нәтижемен 24 сағат интервалмен КВИ-де 2 рет зерттеу жүргізілді. Енді олар 14 күн бойы үй карантинiнде болады», – делінген хабарламада.
Айта кету керек, осылайша елімізде барлығы 50 адам індеттен емделіп шықты. Нұр-Сұлтанда – 27, Алматы – 21, СҚО – 1, Ақтөбе облысында – 1 адам.



