Дүлей дауыл Көкшетаудың астаң-кестеңін шығарды (куәгерлер видеосы)
Дүлей дауыл Көкшетауда тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды BasNews.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видео авторларының сөзінше, қатты жел Әуелбеков көшесі 166 үйдің шатырын жұлып құлатқанын байқауға болады.
«Сағат 17:00 жағдай бойынша, жел қаланың бірқатар аудандарында тұрғын үйлердің шатырын жұлып әкетіп, аялдамаларды құлатқан. Осыған байланысты, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін үйден шықпауларыңызды сұраймыз», – делінген қала әкімдігінің инстаграмдағы парақшасында.
Сонымен қатар, желдің салдырынан қаланың кейбір аудандарында электр жарығы өшіп қалған. Дауылдан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
8 сәуірде елiмiздiң 9 ɵңiрiнде ауа райының қойлайсыздығына байланысты ескерту жарияланған болатын. Ақмола облысында тұман түсіп, жел соғады, көктайғақ күтілуде. Көкшетауда қар аралас жауын жауып, боран соғады деп болжануда.



