Бадам өзенінің бойында шомылуға тыйым салынғандығы туралы 10 арнайы тақтайшалары орнатылған
Тұран ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
ТЖ басқармасы мен Мамандырылған жасақтың қызметкерлері бірлесіп аудан аумағында орналасқан Бадам өзенінің бойында шомылуға тыйым салынғандығы туралы 10 арнайы тақтайшаларын орнатты.
Тұрғындарға судағы қауіпсіздік бойынша үгіт – насихат жұмыстары жүргізіліп, қарапайым сақтық ережелері түсіндірілді. Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Әдетте, жүзе алмайтын балалар белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықақтан суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.
«Балаларға арналған судағы қауіпсіздік» тақырыбы балаларға ереже тәртібін оқытуға және жазатайым жағдайлардың санын азайтуға бағытталған. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады.
Едәуір ересек балалар суда жүзе білу және суда өзін дұрыс ұстау ережелерін біліп қана қоймай, судағы қиын жағдайларда өзін ұстай білу машығын да меңгеруі қажет. Олар егер аяқтың тырысуы болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігін, суға батып бара жатқан адамды шамалауды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетуді және т.б. білуі қажет.
Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережелері
Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі керек?
суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады;
егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;
су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;