BasNewsЖаңалықтар

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов индекстелген зейнетақы мен жәрдемақының қазақстандықтарға қашан берілетінін айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Еске салайық, мұның алдында Президент Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақының 10 пайызға дейін индекстелетінін айтқан еді.

Нарматовтың айтуынша, 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін тағайындалған зейнетақы 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 5 пайызға өседі.

«Алматыдағы 230 мың зейнеткер индекстелген зейнетақы алады. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 5 пайызға өсірілген еді. Енді олар тағы 5 пайызға өседі. Нәтижесінде бір жылда зейнетақы 10 пайызға өсті», – деді Нарматов.

Ол барлық зейнетақының сәуірде автомат түрде қайта есептелетінін айтты.

«Зейнеткерлерге мемлекеттік орталыққа зейнетақы алу үшін барудың қажеті жоқ, барлығы автомат түрде жүргізіледі. Көбейтілген зейнетақы мамырда беріледі, сондай-ақ, мамырда сәуірде қосылған зейнетақы беріледі», – деді Нарматов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button