Шымкент

«Жас толқын» бағдарламасы арқылы жастарға жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

«Жас толқын» бағдарламасы арқылы жастарға жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Сұқбат берген Еңбекші ауданы ТЖ басқармасының инженері Асқар Шәріп судағы қарапайым сақтық шараларды еске салды:

  • егер сіз балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектердің бақылауынсыз суға кіруге рұқсат бермеңіз;
  • тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
  • жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардан асып жүзбеңіз;
  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз;
  • қараңғы уақытта шомылмаңыз;
  • алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде суға түспеңіз.
    Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады.
    Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60
    минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3
    минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.
    Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар.
    – қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу;
    – қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.
    – Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек.
    – Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл – «ауыздан – ауызға» немесе «ауыздан – мұрынға» ауа үрлеу.
Back to top button