BasNewsЖаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 764 болды

Қазақстанда тағы 5 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Basnews.kz.

9 сәуір 14:55-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, індет жұқтырған тағы 5 адам тiркелді: Атырау облысында – 3 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Алматы қаласында – 1 адам.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 223 адам, Алматы қаласында – 121 адам, Қарағанды облысында – 57 адам, Ақмола облысында – 56 адам, Атырау облысы – 42 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 27 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 7 адам, Қызылорда облысында – 92 адам, Батыс Қазақстан облысында – 4 адам, Түркістан облысында – 34 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 764 науқас бар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button