BasNewsЖаңалықтар

Ақмола облысында қарттар үйінде 34 адам коронавирус жұқтырып, 2 адам қайтыс болған

Ақмола облысы Целиноград ауданы Аққайың ауылындағы Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 34 адам коронавирус жұқтырған, – деп хабарлайды Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

9 сәуір сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Ақмола облысында 56 адам коронавирус жұқтырған.

Соңғы 13 жағдай 9 сәуірде тіркелген. Барлық 13 адам Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының келушілері. Осыған дейін олардың барлығынан сараптама алынды. Науқастармен байланысқан 216 адам анықталды.

«Осы коронавирус ошағындағы 34 адамнан COVID-19 анықталды. Барлығы да 2 сәуірде Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған 1974 жылғы ер адаммен байланыста болған», – делінген хабарламада.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 764-ке жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button