BasNewsЖаңалықтар

Орамжапырақты экспорттауға тыйым салынған жоқ – Ауылшаруашылығы министрлігі

ҚР АШМ орамжапырақты алыс және жақын шетелдерге экспорттауды тоқтатуды жоспарламады және тыйым салмады. Ведомстоның баспасөз қызметі таратқан шұғыл хабарламада осылай деп жазылған, деп хабарлайды BasNews.kz.

Ауылшаруашылығы министрлігі осы мәлімдемесін кейбір фермерлердің ресми дереккөздердегі ақпаратпен таныспауына немесе оны дұрыс түсінбеуіне, сондай-ақ әлеуметтік желілерде қате, кейде әдейі жалған ақпараттың таралуына байланысты ресми түрде жасағанын жеткізді.

«Бұл дегеніміз, орамжапырақты экспортауға, соның ішінде Ресей Федерациясының аумағына да экспорттауға рұқсат етілген білдіреді. Алайда, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жетіспеушілігіне жол бермеуді және халықты азық-түліктің жеткілікті көлемімен үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың төмендетілмейтін қорды қамтамасыз етуді тапсырды», – делінген хабарламада.

Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі кейбір азық-түлік тауарларының экспортын реттеу туралы ереже енгізген. Олардың қатарына орамжапырақ, түсті орамжапырақ, жапырақты орамжапырақ, кольраби және басқа да Brassica тектес осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер кірді.

Жалған ақпараттың одан әрі таралмауы үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі орамжапырақты шетелге квота бойынша экспорттауға рұқсат етілгенін ресми хабарлайды. Ведомствоның барлық тиісті хабарландыруы мен құжаттары сайтта жарияланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button