ЖаңалықтарШымкент

Қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық чемпионаттан Шымкенттік полицейлер жүлдемен оралды

Қарағандыда құқық қорғау органдарының, арнаулы және күштік құрылымдарының қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан ІІМ-нің Х чемпионаты өтті.

Оған еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 33 команда, 300-ден астам спортшы қатысты.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің атынан 11 қызметкер бақ сынап, жүлделі орындарға жайғасты.

Атап айтқанда, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторлары полиция аға лейтенанттары Бектаев Жомарт 97 келі салмақта бірінші орынды иеленсе, 65 келіде Анарбай Айжан мен 73 келіде Жетібаев Бауыржан қола медальді қанжығаға байлады.

Спортшы сақшыларды Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ермахан Абдраманов жеңіспен құттықтап, нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді.

Шымкентте арнайы жасақ командирлеріне арналған психологиялық мастермайнд өтті. Әдеттегі жиналыстардан ерекше форматта өткен мастер-классқа Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөліністерінің басшы құрамынан келген 30-ға жуық тыңдаушы қатысты.

Сондай-ақ, өз тәжірибелерімен бөлісу үшін ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының аға оқытушысы Нүргүл Қуанышбекқызы, Түркістан облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспектор-психологы Айгерім Исаева және тәуелсіз сарапшы- психолог маман Жазира Есмурзаева қонаққа келді.

“Басшының басқару құзыреттілігі және басқару стиль түрлері” атты мастермайнд үш кезеңнен тұрды: теориялық, практикалық және қорытынды бөлім.

Жиында алғашқы сөз кезегі Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ермахан Абдрамановқа берілді. Кейін, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы Ақерке Тастемирова және жоғарыда аталған сарапшы-психологтар біліктілікті арттыруға арналған дәріс оқып, пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Практикалық бөлімде басшы құрамның өзара сенімін, ойлау қабілеті деңгейін және ұйымшылдығы мен жеке қабілеттерін анықтауға бағытталған жаттығулар жасалды. Тренингке қатысушылар өзара еркін пікір алмасып, берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты.

Шара соңында Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Екатерина Точилова сөз сөйлеп, қонақтар мен тыңдаушыларға департамент бастығының атынан алғыс хаттар табыстады.

Back to top button