Заң талаптарын сақтау – ортақ міндет

Өрт – тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Осы төтенше жағдайды жою, адам өмірін құтқару үшін хабарлама түсе сала оқиға орнына асығатын өрт сөндірушілер жолда талай кедергілерге жолығатыны рас. Кептеліс, жол бермеу, тіпті өкінішке жол-көлік оқиғалары да болып жатады.
Осындай жағдайдың бірі Шымкентте орын алған болатын. Алапат өрт орын алды деген хабарламаны ала сала жолға шыққан өрт сөндіру техникасы қаламыздың көшелерінің бірінде жеке автокөлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Осы орайда өрт сөндіру бөлімдерінде арнайы мамандардың қатысуымен сабақтар, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ: №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Полиция департаменті Абай ауданы ПБ полиция лейтананты Ә.Әбдраймның, мамандандырылған жасақта Абай ауданы ПБ полиция майоры Б. Князов және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің заңгері бас маман Р. Кадиевтің, сондай-ақ Тұран ауданы ПБ полиция аға лейтенанты Д.Нұрбектің қатысуымен кездесулер өткізілді.
Іс-шара барысында жолда жүру ережелері ескертіліп, заң талаптары, түсіндірілді. Сондай-ақ ҚР ТЖМ келген бірқатар шолулар, оның ішінде еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі бойынша кемшіліктер бойынша шолулар таныстырылып, талқыланды. Заң талаптарын және еңбек қауіпсіздік ережелерін, әсіресе жолда жүру ережерін қатаң сақтау керектігі ескертілді.
Мұндай іс-шаралар жеке құрамға заң талаптарын жете жеткізіп, түсіндіруге мүмкіндік береді. Ал біз өз кезегімізде автокөлік жүргізушілерінен адам өмірі мен материалдық құндылықтарын төтенше жағдайдан құтқару үшін асығып бара жатқан өрт сөндіру техникасына жол беруілеріңізді сұранамыз! Әр секунд санаулы! Өрт сөндірушілер үлкен қайғылы жағдайдың алдын алуға үлгеруі керек!
Өртенген заттың иісі немесе түтіннің пайда болуы – басталған өрттің алғашқы белгісі. Ең алдымен, өз-өзіңізді қолыңызға алып, уайымдамауға тырысыңыз. Өрт сөндіру диспетчеріне қоңырау шалып, мекен-жайыңызды айтыңыз. Егер, өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндірсеңіз, сіздің қоңырауыңыз «жалған қоңырау» болып есептелмейді. Өрт сөндірушілер өрт болған орынды тексеріп, келесі жолы бұндай жағдай болмас үшін оның шығу себептерін анықтайды.



