ЖаңалықтарШымкент

Көп қабатты тұрғын үйдегі қауіпсіздік шаралары тәжірибе жүзінде көрсетілді

Тұрғындарға өрт орын алған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасауды үйрету, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың дағдыларын пысықтау мақсатында Шымкент сити шағын ауданындағы 12 қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында шартты түрде өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз жерге шығару және құтқару, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

Сабақ соңында тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, өрт орын алған жағдайда жасалатын дұрыс әрекеттер тұралы айтылды. Сондай-ақ өрт сөндіргішті қолдану тәсілі көрсетілді. Сабаққа Шымкент қаласынадағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 5 техникасы, жеке құрамнан 30 қызметкері, апаттар медициналық орталағы филиалының бригадасы жұмылдырылды.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау тек қана мүліктің бүлінуіне ғана емес, сонымен қатар адамдардың қаза болуына әкеп соқтырады. Тұрмыстық өрттердің статистикасы облыс аумағында өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алатындығын дәлелдейді. Әдетте, олардың барлығы электр сымдарының немесе жылыту аспаптарының ақаулығына байланысты.
Тұрмыстық өрттердің ең көп саны жеке сектор объектілерінде тіркелген, онда қауіпсіздік ережелерін сақтау жауапкершілігі меншік иесінің өзіне жүктелген. Сонымен қатар, 57% – дан астам жағдайда өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан (темекі шегу, алау және т.б.) орын алады. Көптеген өрттер балалардың отпен ойнауынан туындайды.
Шымкент қаласының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін барынша жауапкершілікпен сақтауға, сақ болуға және өртті сөндіруден гөрі алдын алу әлдеқайда оңай екенін есте сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, төсекте темекі тартпаңыз, тұрмыстық және басқа да техниканы пайдалану жөніндегі нұсқауларды сақтаңыз, электр сымдарының оқшауламасы бұзылған аспаптарды пайдаланбаңыз.

Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Өрт орын алған жағдайда тез арада «101» және «112» қызметтеріне хабар беріңіздер! Ең бастысы сабыр өрт орын алған жағдайда дүрбелеңге жол бермеңіздер!

Back to top button