ЖаңалықтарШымкент

«Газбаллон» профилактикалық іс-шарасы туралы дөңгелек үстелде талқыланды

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасында Шымкент қ. ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді.

Қаралған басты мәселе – газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұрақ саласындағы заңнама нормаларының сақталуына Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп «ГАЗБАЛЛОН» профилактикалық іс-шарасы туралы талқылау.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Шымкент қ. Полиция департаментінің өкілі және қала аумағында орналасқан ірі сауда орталықтарынң қызметкерлері қатысты.

Мүдделі мемлекеттік органдарды, ұйымдарды (жергілікті атқарушы органдарды, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарын, еріктілерді) тарта отырып жұртшылық газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұрақ жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында мобильді топтар құрылған.

Халыққа жеткізу мақсатында құқықбұзушылық орын алған жағдайда айыппұл салу сұрақтары да талқыланды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 410-бабы 1- тармағымен (Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау) жауапкершілікке тартылады:

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Полиция департаментімен заңсыз газ қондырғыларын орнатқан жүргізушілер мына бап бойынша жауапкершілікке тартылады.

590-бап. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу

7- тармағы. Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Back to top button