Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өтті
Шымкент қаласының Әділет департаментімен елімізде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Ж.С.Жумабаевтың және мемлекеттік кірістер органдарының, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларының қызметкерлерінің, сондай-ақ Департаменттің қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу мақсатында баяндамалар жасалып, тақырып сұрақ жауап арқылы талқыланды.
Нәтижесінде, мемлекеттік қызмет көрсету барысында, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау барысында сапалы және заңға сай қызмет көрсету тапсырылды.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Cыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.