«Бақытты жанұяда» құқықтық көмек көрсетілді
«Бақытты жанұя» орталығында Шымкент қаласы Әділет департаменті мамандарының және «Zangerler Palatasy» заң консультанттарының қатысуымен халыққа құқықтық көмек көрсету аясында кездесу өтті.
Кездесуге көпбалалы аналар, мүгедектігі бар азаматтар және зейнеткерлер қатысты.
Кездесу барысында азаматтар сала мамандары тарапынан алимент өндіру, бала асырап алу, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын түсіндіру, бұғатталған шоттарды ашу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жәрдемақы алу мәселелеріне қатысты құқықтық кеңестер алды.
Қоғамдық қабылдауда азаматтарға құқықтық кеңестер берілді. Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Б.Тасполат және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Алимкулов, адвокат Е.Тлеуов және Шымкент қалалық «Zangerler Palatasy»-ның заң кеңесшілері «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалындағы қоғамдық қабылдауда азаматтарға алимент өндіру, ажырасу, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын түсіндіру және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мәселелер бойынша құқықтық кеңестер алды.
Шалғай ауылдардағы азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі Алқа отырысының хаттамасының 3.3 тармағын орындау мақсатында Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Усипбековтың төрағалығымен жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен ауылдық жерлерде халықты мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне қатысатын адвокаттар және заң консультанттарымен жеткілікті қамтамасыз ету және сол аумақта аталған заң көмегін беру бойынша дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы әкімі аппараты, Шымкент қаласы Полиция департаменті, Шымкент қалалық адвокаттар алқасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өкілдері қатысты. Басқосу барысында шалғай елді мекендерде, сондай-ақ жергілікті учаскелік полиция пунктерінде мемлекет кепілдік беретін заң көмегіне құқылы азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.