ЖаңалықтарШымкент

Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуде құқықтық консультациялар берілді

Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысы Н.Махамбетовтың төрағалығымен, Департаменттің сала мамандары, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустардың қатысуымен шалғайда орналасқан Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуде тұрғындармен әділет органдарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ заңды тұлғаның мекенжайын өзгерту, туу туралы куәлігіндегі қатесін түзету, үй кезегіне тұру, алимент өндіру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, адвокаттың және нотариустың көмегіне жүгінуге қатысты сұрақтарға құқықтық консультациялар берілді.

Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешудің әр түрлі жолдары бар: сатып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, қызметтік тұрғын үй алу, соңыра сатып алумен жалға алынған пәтерді алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу.

ҚР баспана алуға кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзіміне қарамастан). Коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан мынадай тұлғаларға ұсынылады (әкімдіктер жалға алған пәтерлер, егер қорға кірсе):

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне (онлайн жеңілдіктердің болуы туралы анықтама алу); жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс; республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3,1 есе төмен отбасының әр мүшесіне баспана ұсыну туралы жүгінер алдында соңғы он екі ай үшін жиынтық орташа айлық табысы бар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына.

Back to top button