ЖаңалықтарШымкент

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өтті

«AMANAT» партиясы Шымкент қаласындағы филиалында «Құқықтық көмек» жобасы аясында Шымкент қалалық мәслихат депутаты Ж.Ә.Бектаеваның, Шымкент қаласы Әділет Департаментінің, Шымкент қаласы Абай, Тұран, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ауданы әкімі аппараттары, Шымкент қаласының денсаулық сақтау, тұрғын үй, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармалары өкілдерінің қатысуымен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өтті.

Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова, Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы М.Әбдезов адвокат Е.Тлеуов қабылдау барысында өтініштерімен жүгінген азаматтарға туу туралы куәлік алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, бұғатталған зейнетақы шоттарын ашу және зейнеткерлікке шығу мәселелері бойынша құқықтық консультация берді.

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы мәселелер қызықтырады: зейнетке қалай шығуға, тиесілі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қалай санауға болады және тұтастай алғанда зейнеткерлікке шыққан азаматтар үшін қандай мемлекеттік қолдау жүзеге асырылуда?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматына ауырған, мүгедек болған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негізде ең төменгі жалақы мен зейнетақыға, жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі. Республикада зейнетақымен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы – бұл мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің және жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерінің және  еңбек сіңірген жылдары үшін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.

Back to top button