Салық дауларын қарау бойынша қалыптасқан сот тәжірибесі және қандай өзекті мәселелер бар?
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы мен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде «Салық дауларын қарау бойынша қалыптасқан сот тәжірибесі және қандай өзекті мәселелер бар?» тақырып кеңінен талқыланды.
Іс-шараға Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Г.Қыдырбаевамен алқа судьялары, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер Департаментінің және аудандық басқармаларының, Шымкент қаласы «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – салық саласында туындаған мәселелерді талқылау және осы санаттағы істер бойынша қалыптасқан сот тәжірибесімен таныстыру.
Іс-шараны әкімшілік сот алқасының төрағасы Гүлмира Дұрысбекқызы аша отырып, кіріспе сөзінде бүгінгі таңда қалыптасқан салық даулары бойынша сот тәжірибесіне, әкімшілік актіге қойылатын талаптарға тоқталды, сонымен қатар салық заңнамасын қолдану барысында туындайтын проблемалық мәселелерге, оның ішінде камералдық тексеру нәтижесі бойынша қабылданатын хабарламалар бойынша дауларды шешу ерекшеліктеріне аса назар аударды.
Жиында әкімшілік соттың судьясы Н.Тәштенов салық дауларын қараудағы сот тәжірибесі, Шымкент қаласы бойынша кірістер департаментінің заң басқармасының басшысы А.Зеев әкімшілік органмен әкімшілік рәсім жүргізуде Салық кодексі мен ӘРПК нормаларын қолдану мәселелері жөнінде баяндама жасап, тәжірибеде кездесетін өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Жиынға қатысушылар салық органдарымен әкімшілік рәсім жүргізуде ӘРПК-нің 72, 73- баптарының қатаң сақталуы, тыңдау жүргізу, әкімшілік іс құжаттарын жинақтау және салық дауларын сотқа жеткізбей әкімшілік органның өзінде шешілу мүмкіндіктерін барынша қолдану мәселелерін талқылап, өзара пікір бөлісті. Сонымен қатар, салық дауларының сот тәртібімен татуласу рәсімдерін қолдану арқылы шешілуінің оң нәтижелері аталып өтілді, мұндай істердің бүгінгі күнге дейінгі саны – 7 (2022 жылы 1 іс аяқталған).
Іс шараны қорытындылай келе, алқа төрағасы салық органдарының өкілдеріне салық дауларын сотқа дейінгі тәртіпте реттеу жұмыстарын барынша жандандыру қажет.