ЖаңалықтарШымкент

Интернетке тәуелділік – адам психологиясына кері әсер береді

Бүгін осындай тақырыпта Жастар ресурстық орталығының психологтары жастар арасында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Мақсаты – жастардың бойына өзіне деген сенімділігін арттыру мен зиянды дүниелерден аулақ болуға шақыру. Орталық ғимаратында өткен семинар-тренингте, интернеттің зиян тұстары мен адам психологиясына тигізер кері әсерлері жөнінде сөз етілді.

Сонымен қатар, психологиялық бірнеше әдістемелер қолданылып, түрлі ойында ойнатылды.

Жаңа ғасыр дерті ғаламторға деген тәуелділік. Қазіргі жас ұрпақ бос уақытының бәрін осы ғаламторда өткізуде. Ғаламтор өзінің жылдамдығымен, арзандығымен, ауқымдылығымен ерекшелінеді. Ғаламтордың қоғамға деген берері көп. Мысалы:электронды сауда-саттық, интернет телефон-хабарласу, әңгіме-дүкен, электронды жіберілім, қашықтықтан білім беру т.б.Ғаламтор арқылы шет елдермен тікелей байланыс орната аласың. Қарап тұрсақ ғаламтордың қоғамға берер пайдасы көп сияқты. Бірақ пайдасы мен қоса зияны да қатар жүретін ғаламтор жас ұрпақты өзіне тәуелді етуде. Тәуелділіктің кесірі неге апарып соғарын өздеріңіз де айқын білерсіздер.Бұл сауатсыздылыққа, тәуелділікке, құмар ойындарға, көз жанарымыздың айырылуына, ойлау қабілетінің төмен болуына т.б әкеліп соқтырады.Әр нәрсенің пайдалы әрі зиянды жағы бар. Иә,ғаламтор қажет бірақ өз орнымен пайдалану керек. Ғаламторға тәуелділіктің соңы жақсылыққа апармайды.

Дамыған елдер қатарынан алдыңғы орын алу үшін жастарымыз ізденпаз, сауатты болуы абзал. Ғаламтор өміріміздің айырылмас бөлігіне айналғаннан бері, әсіресе, жастардың сол қасиеттен айырылып жатқанын сеземіз. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен күн кешу – дағдыға айналуда. Қолдағы гаджеттің ерекшеліктерін пайдалану арқылы талай тірлік оңай шешім табуда. Бойымызға судай сіңген ғаламтордың біздің өмірімізге тигізетін пайдасы қанша көп болса, зиян жақтары дәл солай көп екен. Пайдасы жайлы барлығымыз білеміз.

Back to top button