BasNewsЖаңалықтар

Алматыда лифт батырмасына түкірген бұзақы жауапқа тартылды

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде лифт батырмасына түкірген бұзақы ұсталып жауапқа тартылды, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның әрекеті «Алатау сити» тұрғын үй кешеніндегі лифтінің бақылау камерасына түсіп қалған.

«Оның аты-жөні кім екендігі анықталды, ол полицияға жеткізіліп, ҚР ӘҚБК 434-бабындағы (ұсақ бұзақылық) құқық бұзушылық белгісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберілді», – деп мәлімдеді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Бұзақы істеген әрекетіне өкінетінін айтып, кешірім сұраған.

«Ашу үстінде лифт батырмасына түкірдім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын», – деді А. есімді жігіт.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button