Кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырудың тәртібі (270.00-нысан) ҚР салық кодексінің 633-635 бабтарымен реттелген
Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) тапсырудың тәртібі, ерекшеліктері және мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 633-635 бабтарымен реттелген.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны Салық Кодексінің 630-бабының 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады.
Кірістер мен мүлік туралы декларациясының қосымшалары салық органдарының салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 634 бабына сәйкес, жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру кезінде келесідей ақпараттарды көрсетуге міндетті:
– күнтізбелік жылы үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алынған кірістер;
– салықтық шегерімдер;
– мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу;
– Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша.
Бұл ретте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді;