Шымкентте мас күйдегі үй иесі учаскелік полицейге пышақпен шабуыл жасады
6 қыркүйек күні кешке Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспекторы отбасылық жанжал туралы шақырту түскен мекен-жайға барды. Жергілікті тұрғын оны күйеуі оны ұрғанын жеткізді.
Учаскелік полицей қолында пышағы бар үй иесін көрді. Тәртіп сақшысы пышақты тастауды талап еткенде, мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған. Полиция қызметкері әріптесінің көмегімен қаскүнемді қарусыздандырды.
Аталған жайтты тергеушілер Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі “Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану” бойынша тіркеді.
Белгілі болғандай, күдікті 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бұрын әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік қамауға алынып, полицияның есебінде тұрған.
Ер адам қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ бүгін Шымкентте үздік анықтаушылар марапатталды. Анықтау қызметінің төл мерекесі қарсаңында қызметте үздік, өз ісіне адал анықтаушылар марапатталды. Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев кіші мәжіліс залында погонды полицейлерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Анықтау қызметі Ішкі істер органдарында орны ерекше, тарихы терең құрылым. Бүгінгі таңда, аталған қызметтің іргесі қаланғанына 32 жыл толды. Осы айтулы мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Қызметте алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын» -деді, Думан Әшкенұлы.
Марапаттау рәсімінде ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен 5 қызметкер айрықша құрметке бөленді. Оның ішінде, Анықтау басқармасының аға анықтаушысы полиция капитаны Тастемирова Ақбота «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, Әл-Фараби АПБ-ның анықтаушысы Сегизханов Руслан «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалімен және анықтаушы полиция майоры Күлжанов Ағабек «Ішкі істер органдарының үздігі» медалімен марапатталды. Тағы екі тәртіп сақшысына ІІМ-нің Алғыс хаты табысталды.
Бұдан бөлек, ПД бастығының бұйрығымен 13 анықтаушы Алғыс хаттар мен Грамотаға ие болды.