ЖаңалықтарШымкент

Болашақ заңгерлер полиция музейіндегі 4000-нан астам экспонатпен танысты

Шымкент қаласы полиция департаментінің музей ісі маманы Гүлнәр Шалқарқызы экскурсия жасауға арнайы келген кезекті қонақтарды күтіп алды.

Бұл жолы Қазақстан полициясының тарихымен танысуға Мирас университетінен Құқықтану және кеден ісі факультетінің 4-курс студенттері келді.

Экскурсия барысында білімгерлер департамент музейінің 5 бөлімнен тұратын залдарын аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Екатерина Точилова құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасуды мақсат еткен болашақ заңгерлердің бойынан қандай адами қасиеттер табылу керектігін және нендей ресми құжаттар жинақтау қажеттігін түсіндіріп берді.

Қазіргі таңда, мұражайда 4000-нан астам экспонат сақталуда. Оның ішінде XІХ ғасырдағы қылыштар, даңқты генералдар мен батыр полицейлердің өмірбаяндары, ордендері мен қол сағаттары, тіпті қызметтік формалары бар. Сондай-ақ, мұнда полицейлердің мотокөлігі және өткен ғасырдағы басшылар отырған үстел, майшамдар, қару-жарақ түрлеріне дейін әкелінген.

Айта кетейік, департаментке келген құрметті қонақтардың барлығы әуелі мұражайды аралайды. Бұдан бөлек, музейге қызығушылық танытып, тарихпен танысқысы келетін азаматтарға арнайы эскурсия жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл азаматтардың бойындағы патриоттық сезімді оятуға зор үлес қосады.

Айта кетейік, Шымкентте үздік анықтаушылар марапатталды. Анықтау қызметінің төл мерекесі қарсаңында қызметте үздік, өз ісіне адал анықтаушылар марапатталды.

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев кіші мәжіліс залында погонды полицейлерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Анықтау қызметі Ішкі істер органдарында орны ерекше, тарихы терең құрылым. Бүгінгі таңда, аталған қызметтің іргесі қаланғанына 32 жыл толды. Осы айтулы мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Қызметте алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын» -деді, Думан Әшкенұлы.

Back to top button