BasNewsЖаңалықтар

Әлемдегі ең үлкен ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды

Алматы әуежайына дүниедегі ең үлкен Ан-225 «Мрия» ұшағы келіп қонды, деп хабарлайды Basnews.kz.

Украинадан шыққан ең үлкен жүк ұшағы Алматы әуежайына жанармай құюға тоқтады.

Борт Қытайдың Тяньцзинь әуежайына COVID-19 қарсы күрес құралдары мен медициналық құрал-жабдық алу үшін аттанған.

Тяньцзиньнен Алматыға транзит арқылы Польшаға ұшады. «Әлемдегі ең ірі жүк көлігі Қытайдан 7 млн Р2 маскасы мен жүз мыңдаған қорғаныс костюмдерін жеткізбек. Жеткізу операциясын KGHM Polska Miedź және Grupa Lotos польшалық компаниялары ұйымдастырып отыр»,- деді әуежайдан.

Мрия ұшағы 1988 жылы Киевте жасалған.

Әлемде мұндай ұшақ әзірге біреу-ақ. Украина көлік стратегиясы орталығы хабарлағандай, бұл – алып ұшақтың 2018 жылғы күзден бергі бірінші сапары.

Польшалық БАҚ хабарлауынша, әлемдегі ең ірі жүк көлігі Варшаваға 14 сәуір таңғы 09.30-да жетеді.

https://www.facebook.com/1414642146/videos/10217729278969774/

Басқа жаңалықтар

Back to top button