BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында төрт саяжай массиві карантинге жабылды

Алматы облысында төрт саяжай массиві карантинге жабылды, деп хабарлайды  Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Саяжай массивтерінде инфекцияны жұқтырудың 9 жағдайы тіркелген.

«COVID-19 диагнозы расталған 11-ші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИ анализі алынған болатын. Қорытындылар алынып, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды.

Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві – «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» жəне «Береке» карантинге жабылды. Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі», – делінген ақпаратта.

Атап өтілгендей, осыған орай Еңбекшіқазақ ауданының бас санитарлық дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылуда.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button