BasNewsЖаңалықтар
Алматыда 116 дәрігер COVID-19 жұқтырған, екеуінің жағдайы ауыр

Алматыдағы Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Оның айтуынша, соңғы тәулікте Алматыда 174 адам коронавирус жұқтырған.
«Олардың 58-і науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, біреуі балалар жұқпалы клиникалық аурухананың қызметкері, Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкері, жедел жәрдем қызметінің екі қызметкері, N 32 қалалық емхананың бір қызметкері, N1 қалалық клиникалық аурухананың қызметкері вирус жұқтырған», – деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, бүгінде Алматыда 346 адамнан коронавирус анықталды. Олардың алтауы – балалар, үшеуі – жүкті әйелдер.



