BasNewsЖаңалықтар

Алматыда коронавирустан екі науқас көз жұмды

Алматы қаласында коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Олар 1958 және 1931 жылы дүниеге келген. Барлығы 19 адам қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, қайтыс болған екі науқастың жағдайы аса ауыр болатын.

«Оның біреуі – 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды. Екіншісі – 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жағдайда болған», – делінген хабарламада.

Жалпы жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке ала отырып, 436 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр.

«Екі науқастың жағдайы – өте ауыр, алтауының жағдайы – ауыр, 138 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған адамдардың жағдайы – қанағаттанарлық. 84 науқас коронавирустан сауығып, емдеуден шығарылды. Провизорлық госпитальдарда 294 адам, карантин оқшаулауында 520 адам, үй карантинінде 9764 адам жатыр», – дейді әкімдіктегілер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button