BasNewsЖаңалықтар

Елордада биыл 150 көше жөнделеді – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласында биыл жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмысшылар жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен.

«Биыл 150 көшені жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 50 көше қаланың орталық бөлігінде – қоғамдық көлік жүретін магистральды көшелер. Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтеді. 150 көшенің 100-і тұрғын алаптарда. Мысалы, Өндіріс, Кирпичный, Көктал, Лесозавод. Жол жұмыстары барлық тұрғын алаптарда жүргізілетін болады. Біз биыл 21 нысанда жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстар елорданың инженерлік және жол инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл бізге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жақсы көмектесуде», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

ЖҚЖК бағдарламасы бойынша жол жөндеуге 12 млрд.теңге бөлінді. Жұмыстың басым бөлігі тұрғын үй алаптарында жүргізілетін болады.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button