BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құрудың алғашқы кезеңі басталды

Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде.

Түркістан облысы еліміз бойынша мақта дақылын өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымдарда 70 мыңға жуық шаруалар еңбек етеді. Облыста жыл сайын 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналуда. Мақта саласындағы негізгі түйіткілді мәселе – баға тұрақсыздығы. Себебі елімізде бәсекеге қабілетті тоқыма және тігін өнеркәсібі дамымағандықтан, шитті мақтаны сату бағасы экспорт нарығына тәуелді болып отыр. Республикда мақта талшығын терең өңдеу бойынша тек 3 кәсіпорын бар, олардың үлесінде мақта талшығының қайта өңделген көлемі 18% – дан аспайды. Мәселенің шешудің жолы – облыста мақта-тоқыма кластерін құру. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ауқымды жұмыстар басталды.

Өткен жылы «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілді. Оған сәйкес 4 басым бағыт белгіленген. Атап айтқанда, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу және мақта кластерін құру. Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Нәтижесінде мақта бағасына алдағы жылдары тәуелділік жойылатын болады. Түркістан облысында мақта – тоқыма саласында 75 зауыт – фабрика ашу жоспарланған.

Осы мақсатта, 2023 жылы Мақтаарал ауданында Cotton Мақта» ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Жоба құны – 3 млрд. теңге. Жылдық қуаттылығы 60 мың тонна мақта талшығын шығару. Зауытта 80 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Өткен жылы мақта өңдеу зауыты 40 мың тонна шитті мақтаны қабылдады. Зауытты заманауи қытайлық технологиямен жарақтандырудың нәтижесінде, күніне 600-650 тонна шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, облыста бүгінгі күнге ҚХР, Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында «Global Textile Solution» ЖШС-нің құны 21 млрд. теңге құрайтын «Мақта-тоқыма кешені және логистикалық хаб құру» жобасы жүзеге асады. Жоба негізінде 2000 жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобаның қуаттылығы – 160 мың тонна. Ауқымды жоба 2026 – 2027 жылдары толық іске қосылады.

Сондай-ақ Жетісай ауданында «TST JETISAY TEXTILE» ЖШС-нің құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын жобасы жүзеге асып жатыр. Жылына 7500 тонна иірілген жіп фабрикасында 200 жаңа жұмыс орны құрылады.

Түркістан облысында Жаңартылатын энергия көздері бойынша келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қытайдағы ірі компания «China Gezhouba Group Overseas Company Co., Ltd» өкілдерімен кездесті.

Кездесу барсында жалпы қуаты 1,34 ГВт болатын жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) станцияларын салу мәселесі бойынша келіссөз жүргізілді. Жалпы инвестор 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады деп жоспарланған. Жобаларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде 2 мыңнан аса жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады.

«China Gezhouba Group Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясының өкілдері бұл электр станциялары Түркістан өңірінің ғана емес, Қазақстанның энергетикалық әлеуетін көтеруге серпін беретініне сенімді екенін жеткізді. Сонымен бірге экологиялық жағдайды жақсартуға да үлес қосатынын атап өтті.

Келіссөздер нәтижесінде, жұмыс басталып, электр станцияларының біріншісі 2025 жылы, ал соңғысы 2028 жылы пайдалануға берілу жоспарлануда.

«China Gezhouba Group Overseas Company Co., Ltd» кәсіпорнының әлем бойынша 99 елде филиалы бар.Оның бизнесі 142 елде жүріп тұр. Компания жылдар бойы Қытайдың 4000-нан астам «жаһандық» компанияларының арасында алғашқы ондыққа кірді.

Қазақстанның оңтүстік бөлігінің климаты жылына күн райы шуақты күндердің көптігімен ауыл шаруашылығы мен агробизнесті дамыту үшін де, сондай-ақ күн панельдері мен коллекторлар сияқты жаңартылатын энергия көздерінің технологияларын қолдану үшін де қолайлы жағдайлар жасайды. Дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділікті азайту арқылы бұл технологиялар жергілікті кәсіпкерлерге энергия шығындарын азайтуға ғана емес, сонымен қатар бизнесті кеңейтуге және жергілікті қоғамдастықтар мен өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашуға септігін тигізеді.

Back to top button