Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 1977-ге жетті

Қазақстанда тағы 10 адам COVID-19 жұқтырды, – деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Алматы қаласы – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Қостанай облысында – 2», – делінген хабарламада.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 392 адам, Алматы қаласында – 672 адам, Қарағанды облысында – 101 адам, Ақмола облысында – 82 адам, Атырау облысында – 80 адам, Жамбыл облысында – 65 адам, Шымкент қаласында – 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 11 адам, Алматы облысында – 53 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 33 адам, Маңғыстау облысында – 14 адам, Қызылорда облысында – 151 адам, Батыс Қазақстан облысында – 70 адам, Түркістан облысында – 66 адам, Қостанай облысында – 27 адам, жалпы 1977 науқас тіркелді.



