Tағы 30 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 30 адам коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 30 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 8, Алматыда – 2, Қостанай облысында – 7, Маңғыстау обылсында – 2, Павлодар облысында – 3, Жамбыл облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 2.
«Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 сәуірдің 09:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 401 адам, Алматы қаласында – 680 адам, Қарағанды облысында – 101 адам, Ақмола облысында – 83 адам, Атырау облысында – 82 адам, Жамбыл облысында – 76 адам, Шымкент қаласында – 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 11 адам, Алматы облысында – 55 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 37 адам, Маңғыстау облысында – 16 адам, Қызылорда облысында – 151 адам, Батыс Қазақстан облысында – 72 адам, Түркістан облысында – 66 адам, Қостанай облысында – 34 адам, жалпы 2025 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.



