BasNewsЖаңалықтар

4 миллионнан астам медициналық масканы Ресейге алып өтпекші болғандар ұсталды

4 миллионнан астам медициналық масканы Ресейге алып өтпекші болғандар ұсталды, деп хабарлайды BasNews.kz Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Батыс Қазақстан облысында Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесе жоспарлаған «Курьер» жедел іс-шарасының аясында «халықтық тұтыну тауарлары» жүгін тексеру барысында, 4 475 600 бір реттік медициналық масканы Ресей Федерациясына тауар жөнелту құжаттарынсыз тасымалдаған 7 автокөлік ұсталды», – делінген хабарламада.

Казіргі уақытта аталған фактілер бойынша 4 қылмыстық іс тергелуде.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button