Аягөз ауданының әкімі әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, тұрғындармен тілдесті
Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев Instagram парақшасында тікелей эфирге шығып, көпшіліктің сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімнің әлеуметтік желідегі тікелей эфирі екі сағатқа созылды. 500-ден астам тұрғын сауалдарына жауап алды. Аудан басшысына қойылған сұрақтың басым бөлігі коронавирустың таралуына алаңдаушылық танытқан тұрғындардан жолданды. Ділдәбек Тәжібайұлы өзкезегінде әрсауалға толыққанды жауап беріп, аймақта індеттің алдын алу жұмыстары уақытылы жүргізіліп жатқандықтан алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Тұрғындарды төтенше жағдайдың тәртібіне жауапкершілікпен қарап, сақтық шараларына мұқиятболуға шақырды.
Сондай-ақ, әкімге көктемгі егіс науқанының кедергісіз жүруін назарға алсаңыз деп өтініш білдірген фермерлерден бастап, әлеуметтік сипаттағы суменқамтамасыз ету, жол жөндеу, қаланы абаттандыру мәселелерін көтерген азаматтар да өз пікірлерін айтты. Технологияның жаңашыл мүмкіндігін пайдаланып, арнайы уақыт бөліп, азаматтардың сауалдары мен өтініштеріне құлақ түрген аудан басшысына алғыс білдіргендер де болды.
«Жаһанды жаулаған пандемияның алдын алу үшін елде енгізілген төтенше жағдай салдарынан азаматтарды тет-а-тет форматында қабылдау мүмкін болмай тұр. Сондықтан, тікелей эфир-тұрғындарға жиналған сұрақтарға жауапберудің тамаша мүмкіндігі. Осындай онлайн-кездесулер карантиндік шектеулердің қолданылу мерзімінің соңынадейін жалғасады», – деді Ділдәбек Оразбаев.
Аягөз ауданының әкімі екі сағаттық онлайн-кездесуді қорытындылай келе, барша мұсылман қауымды Ораза айының басталуымен құттықтап, жерлестеріне бейбітшілік пен береке тіледі.



