BasNewsЖаңалықтар

Алматы әкімі індетпен күресіп жатқан дәрігерлердің жұмысы жайлы әсерлі бейнеролик көрсетті

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар жататын аурухананың ішкі көрінісі мен дәрігерлер жұмысын көрсететін қысқаметражды бейнероликті көрсетті, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Майданның алдыңғы шебі. Негізгі ауыртпалық медицина қызметкерлерінің мойнында. Дәрігерлер — бейбіт күннің батырлары. Қолдаймыз. Мақтан тұтамыз. Біз сіздермен біргеміз», деп жазды шаһар әкімі өзінің Instagram парақшасында.

6 минуттық видеода ИВЛ аппаратына қосылған науқастардың көп екенін көруге болады. Фильмнің ортасында індет жұқтырған ер адамның стационарға жатпай, дәрігерлерге қарсылық көрсеткені сипатталған. Ол  бір маманның бетіндегі маскасын жұлып алады. Қорғаныш құралынсыз қалған дәрігер ақырында вирус жұқтырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button