BasNewsЖаңалықтар

Көпқабатты үйдің кіреберісінде әйелге тап берген екі күдіктінің біреуі ұсталды

4 ақпан күні әлеуметтік желілерде Атыраудағы Нұрсая ықшамауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде түсірілген жазба таралды – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Видеода көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде 2 жігіт әйел адамды аңдып тұрып, пәтердің кілтін аша берген сәтте тап береді. Бірақ дәл сол кезде олар күтпеген жағдайға тап болып, үйде болған ер-азаматтан соққы жеп, тұра қашқан.

Полицейлер көп ұзамай қарақшылардың біреуін қолға түсірген. Ол 1992 жылғы  Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Екінші ер адамың кім екенін тәртіп сақшылары анықтаған. Қазір іздеу шаралары жалғасуда. Бұл екеуінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілмек.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button