Алматыда «Жастар Орталық Азияның орнықты болашағы үшін» форумы өтті
Өзіне сенімді жастар – ел болашағы. Олардың жұмыспен қамтылып, кәсіппен айналысуы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Бұл мәселелер Алматыда өтіп жатқан «Жастар Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін» атты форумда талқыланды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов жастардың жаһандық бастамаларға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның осы саладағы күш-жігерін, соның ішінде волонтерлік қозғалыстарды қолдауды таныстыра отырып, сөз сөйледі. Ол сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстандағы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін Алматыда БҰҰ өңірлік хабын құру маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар форумда БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа және Жапонияның дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Каната Томохиро сөз сөйледі. Панельдік сессияда Қазақстан атынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова сөз сөйледі. Форумға қатысушылар Орталық Азия елдеріндегі орнықты болашаққа жол ретінде жастардың жұмыспен қамтылуын дамытуды талқылады.