BasNewsЖаңалықтар

Синоптиктер: СҚО-да демалыс күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы демалыс күндері жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Қазгидромет» РМК бөлімшесінің мәліметінше, мамыр айының алғашқы үш күнінде өңірде найзағай ойнайды. 1 мамыр күні түнде 5-10 градус жылы, күндіз 23 градус нөлден жоғары болады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Екінші мамырда жел екпіні бәсеңдеп, секундына 9-14, кей жерлерге 15-20 метр болады. Облыстың басым бөлігінде түнде 0-5 градус салқын, күндіз 15-20 градус жылы болады.

Үшінші мамырда термометр бағаны 2-7 грудус жылыны көрсетуі ықтимал, күндіз 10-15 градусқа көтеріледі.

4-6 мамырда түнде -3 градусқа дейін суытады. Облыстың басым бөлігінде 0-5 жылы болады. Күндіз ауа температурасы 7-12 градусқа көтеріледі. Кей жерлерге тұман түсуі мүмкін. 7-10 мамыр аралығында ауа температурасы 15-20 градустан 21-26 градусқа жоғарылайды. Оңтүстік аудандарда 29 градусқа жылы болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button