Елжан Біртанов жалпыға бірдей вакцинациялауға қарсыларға жауап берді
Дамыған елдер өз халқын коронавирус пандемиясына қарсы вакциналарға кезекке қоюда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook парақшасында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Basnews.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрі өзінің Facebook парақшасында мемлекеттердің пандемиядан шығу стратегиясына арналған Bloomberg мақаласын орналастырды. Онда осы жағдайдан ойдағыдай шығудың жолы бүкіл әлем бойынша вакцинациялау жүргізуге байланысты екендігі айтылған.
«Бізді кейбір «жолдастар» жалпыға бірдей вакцинациялауды болдырмау қажеттілігі туралы жар салып жатқан кезде дамыған елдер өз халқы үшін коронавирус пандемиясына қарсы вакцинаға кезек тұрып жатыр. Бәрі бөлініп қойған сыңайлы. Алдағы жаз мезгілінде «COVID-19 екпе жасалмағандарға кіруге тыйым салынады» деген тақтайшалардың бүкіл еуропа елдерінде пайда болуын жоққа шығаруға болмайды», деп атап өткен Елжан Біртанов.



