Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ұлытаулық «Сарыарқа» газетінің бас редакторы, тәжірибелі журналист Жаннұр Тілемісова Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды!

Бұл марапат – өңірлік журналистиканың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген, елдің шынайы үнін жеткізуден еш таймай келе жатқан кәсіби қаламгер еңбегінің жоғары бағалануы.

 

✍️ Жаннұр Төлендіқызының ұлт мүддесін көздеген, оқырман санасын серпілткен әрбір материалы – елдік ойдың айнасы, уақыт шежіресі.

 

📚 Ұлытау облысы әкімдігі Жаннұр Тілемісованы осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен зор денсаулық тілейді!

 

#Ұлытау #Сарыарқа #БАҚкүні #ЕренЕңбегіҮшін #Журналистика #ҰлытауӘкімдігі

Back to top button