Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Basnews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
13 мамырда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсеру жаууы ықтимал. Кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
13 мамырда Ақмола облысының батыс бөлігінде найзағай жарқылдайды.
Сол күні таңертең және күндіз Көкшетауда найзағай жарқылдайды.
13 мамырда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ытимал.
Сол күні түнде және таңертең Ақтауда тұман түседі.
13 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Сол күні күндіз Оралда найзағай жарқылдайды, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.
13-14 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Кей жерлерде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, батыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
13-14 мамырда күндіз Петропавлда найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, батыс бағытына ауысады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
13 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.