Жаңалықтар

«Батыр – тағдыр»: Үлкен Нарын ауылында Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы аталып өтеді

Қарашаның ортасынан бастап Үлкен Нарын ауданының ауылдық клубтарында көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, академик, Халық қаһарманы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Батыр – тағдыр» атты патриоттық іс-шаралар циклі өтеді.

 

Іс-шаралардың басты мақсаты – Халық қаһарманының ерлігін ұлықтау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, тарихи жадыға құрметпен қарауды және аудан тұрғындарының арасында ұлттық бірлік рухын нығайтуды көздейді.

 

Патриоттық апта аудандық Мәдениет және демалыс орталығының үйлестіруімен өтеді және ауданның барлық ауылдық клубтарын қамтиды. Әрбір мәдениет үйі өз бағдарламасын әзірлейді, оған мыналар кіреді:

 

әдеби-музыкалық композициялар;

 

кешкі кездесулер мен деректі фильмдерді тамашалау;

 

көркемсөз оқу және эссе байқаулары;

 

балалар шығармашылығы көрмелері мен акциялары.

 

Барлық клубтарда Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен ерлігіне арналған тақырыптық бұрыштар мен фотостендтер безендіріледі. Көрермендерді соғыс жылдарындағы әндерден құралған концерттер, ерлік пен батырлық туралы шығармаларды оқу күтіп тұр.

 

Іс-шаралар циклінің шарықтау шегі аудандық Мәдениет үйінде өтетін патриоттық әндер байқауы – «Батыр – тағдыр» болады. Онда ауылдық клубтардың үздік орындаушылары Отан, Жеңіс және адам рухының қуаты туралы әндерді орындайды.

 

Патриоттық апта «Батыр – тағдыр» аудандағы мәдени өмірдің жарқын оқиғасына айналып, тарихқа тағзым етуге, батырдың өнегелі өмірінен рух алуға және Ұлы Жеңіс рухын жас ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button