Жаңалықтар

Жасанды интеллект технологияларын инклюзивті тәсілді кеңейту құралы ретінде енгізу

Өскемен қаласы білім бөліміне қарасты «№37 көпсалалы орта мектебі» КММ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында қала және облыс мектептерінің мұғалімдеріне тағы да бір мәрте өз есігін айқара ашты.

Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алу процесін диагностикалау, түзету және жекелеп оқытуда жасанды интеллект технологияларын пайдалану бойынша педагогтердің кәсіби машықтарын жетілдіру.

Семинар-практикумның тақырыбы өзекті болып табылады және білім беруді дамытудағы қазіргі заманғы үрдістерге сәйкес келеді — «Жасанды интеллект – білім беру ортасындағы инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралы».

Мектеп педагогтары Малинова О.П., Максакова А.С., Зейнолдина А.Д., Сивкова В.В., Балуева В.О., Яковлева А.Н., Полупан О.Л., Камзина Ә.М., Соколкова М.Н., Северинова Е.А., Бахтыбаева Г.Ф., Мишелева А.А. әдістемелік құралдар мен жинақтаған тәжірибелерін таныстырды, жасанды интеллект көмегімен жасалған дидактикалық материал, цифрлық және ЖИ-технологияларды білім беру үдерісін түзету мен жекешелендіру мақсатында қолданудың практикалық тәсілдері ұсынылды. Педагогтардың оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес ЖИ-құралдарын таңдау және бейімдеу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылды.

Ұсынылған тақырып білім берудің цифрлық трансформациясы дәуірінде ерекше өзектілікке ие болып, педагогтар арасында оң пікір тудырды. Бұл тақырып жасанды интеллект технологияларын инклюзивті тәсілді кеңейту құралы ретінде енгізудің, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тиімді сүйемелдеудің, сондай-ақ білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың маңыздылығын атап көрсетеді. Сонымен қатар, семинар барысында алынған жаңа тәжірибелер педагогтердің кәсіби даму траекториясын кеңейтіп, инклюзивті білім беру ортасын жетілдіруге бағытталған инновациялық шешімдерді жүйелі түрде қолдануға ынталандырды. Мұндай жұмыс форматы мұғалімдерге өзара тәжірибе алмасуға, ЖИ-технологияларды қолданудың нақты нәтижелерін көруге және білім беру сапасын арттыру жолдарын бірлесе анықтауға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button