«Жезқазған-Қызылорда» бағытындағы жолдың төрттен бір бөлігі аяқталды

Ұлытау облысы құрылғаннан бері 549 шақырым автомобиль жолдары және 4 көпір жөнделді
«Қызылорда-Жезқазған» автожолын реконструкциялау аясында құрылыс жұмыстары биыл көктемде басталып, қазіргі таңда төрттен бір бөлігіне асфальт жабындысы төселді.
Сонымен қатар өңірде «Қаражал–Атасу» автожолының реконструкциясы, «Ұлытау–Арқалық» автожол аралығында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Оған қоса, облыстық маңызы бар «Сәтбаев–Малшыбай–Жошыхан, Домбауыл кесенесі» автожолының құрылысы аяқталуда.
Ағымдағы жылы ұзындығы 316 шақырым құрайтын Қызылжар – Мойынты жаңа темір жол желісінің құрылысы басталды. Бұл біздің облыстан Жамбыл облысына тікелей қатынауға мүмкіндік ашады.
Жалпы облыс аумағында 29 автобустық маршрут ұйымдастырылған. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы облыс бойынша 4 темір жол вокзалында (Жезқазған қ, Қаражал қ, Жаңаарқа ауданы және Қызылжар ст.) құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды өңірлеріне авиамаршруттар бар. 2026 жылы Балқаш және Түркістан қалаларына авиамаршрут ашу жоспарланған.



