Жаңалықтар
Жезқазғанда қала әкімінің тұрғындармен кездесуі өтеді

Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары!
21 қараша күні сағат 18:00-де С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қала тұрғындарымен кезекті кездесу өткізеді.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қаланың әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарын білдіре алады. Әкім тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, тиісті бағыттар бойынша түсініктемелер береді, сондай-ақ алдағы жоспарларды таныстырады.
Барлық қала тұрғындарын белсенді қатысуға және өз ойларын ашық айтуға шақырамыз. Кездесу – тұрғындар мен әкімдік арасындағы ашық диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға арналған маңызды алаң болып табылады.



