Жаңалықтар

ҚР ТЖМ Вице-министрі Шығыс Қазақстанның су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев жұмыс сапары шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының су тасқыны қаупі бар учаскелерін қарап қайтты.

Вице-министр гидрологиялық жағдайды және биік таулы мореналық көлдердің, сел учаскелерінің жай-күйін анықтау үшін су айдындарына аэровизуалды мониторинг жүргізді.

Ол сондай-ақ Алтай, Үлкен-Нарын, Катонқарағай және Шемонаиха аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскеделеріне сапар жасады. Онда су тасқынының алдын алу бойынша орындалған инженерлік жұмыстармен танысты.

ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады, ал аудан әкімдіктері су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Өңірде 28 инженерлік іс-шара орындалды, оның ішінде қорғаныс бөгеттерін жөндеу, су бұру арналарын тазарту және тереңдету, автомобиль жолдарында көпірлер салу және жөндеу. «ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйесінде су тасқыны жағдайын мониторингтеудің бірыңғай кешені жұмыс істейді, ақпараттық жүйесінде гидрологиялық мониторинг үшін ГАЖ-модулі және болжау құралдары енгізілген. Жүйе 49 гидропостар бойынша 7 күндік болжамын жасайды, тәуекелдерде ерте анықтауға және алдын ала шара қабылдауға мүмкіндік береді.

«Су тасқынына қарсы іс-шаралар барлық қызметтердің уақтылы және үйлесімді жұмысын талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылым үшін тәуекелдерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыстардың ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің – жедел ден қоюға дайын болуы маңызды. Біз жағдайға мониторинг жүргізіп, жергілікті жерлерде іс – қимылды үйлестіреміз»,-деп атап өтті вице-министр Кеген Тұрсынбаев.

Сапар соңында Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайларға жедел ден қоюды жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар беріп, облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін одан әрі нығайту жөнінде міндеттер қойды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button