BasNewsЖаңалықтар
Елордада түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырауға тыйым салынады

Елордада карантин аяқталғанға дейін түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның бүгінгі қаулысында жазылған, деп хабарлайды Basnews.kz.
Құжатқа сәйкес, түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау өткізуге, сондай-ақ кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан балабақша қызметіне тыйым салынады.
«Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қамтамасыз ету керек», – делінген құжатта.
Еске сала кетсек, елімізде соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылады.