Жаңалықтар
Ұлытау облысында мыс кабелін өндіретін зауыт салынуы мүмкін.

Ұлытау облысында мыс кабелін өндіретін зауыт, көлік-логистикалық және жылу энергетикалық орталықтары пайда болуы мүмкін.
Мұндай объектілерді салу мүмкіндігін облыс әкімі өнеркәсіп және инфрақұрылым салаларындағы жобалармен айналысатын Microbus (Оңтүстік Корея) компаниясы өкілдерімен талқылады.
Нәтижесінде компания Ұлытау облысында өз өкілдігін ашып, жобаларды іске асырудың жол картасын әкімдікпен бірлесіп әзірлейді деп уағдаласты.



