Жаңалықтар

Жаңа Конституция жобасы Қазақтелеком қызметкерлеріне түсіндірілді.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалицияның Ұлытау өңірлік филиалы бүгін «Қазақтелеком» АҚ Ұлытау облыстық филиалының ұжымымен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында коалиция мүшелері Оразалы Бақырбаев, Досхан Сәкен, Ақансері Сүлейменов, Ақжарқын Токишова және Айнаш Жаналина жаңа Конституция жобасына енгізілген жаңа баптар мен өзгерістер туралы кеңінен баяндады. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру бағытындағы жаңашылдықтар түсіндірілді.

 

Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай кездесулердің мақсаты – еңбек ұжымдары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамның жаңа Конституция жобасына белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Басқа жаңалықтар

Back to top button